Екпе алған әйелдер дүниеге өкпесі ақ балаларды әкеліп жатқаны туралы жалған ақпарат тарады

Екпе алған әйелдер дүниеге өкпесі ақ балаларды әкеліп жатқаны туралы жалған ақпарат тарады
Фото: elements.envato

Telegram мессенджерінде қолданушылар ерекше оқиға туралы жазып жатыр. COVID-19-ға қарсы екпе алған анадан өкпесі ақ бала туған екен. Желі қолданушылардың айтуынша, дәрігер бұл вакцинацияның жанама әсері бар екенін жоққа шығармайды. Алайда бұл шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Үнді дәрігері Раджеш Парик Twitter-де неонатальды мультижүйелік қабыну синдромы (MIS-N) бар баланың туу жағдайының сипаттамаларын жариялағаннан кейін бұл оқиға Желіде кеңінен тарады. Баланың анасы COVID-19 симптомсыз түрімен ауырған және толық вакцинация алған. 29 қыркүйектен 3 қазанға дейін дәрігер ана мен баланың жағдайы туралы ақпаратты үнемі толықтырып отырды. Twitter-інде ол нәрестенің ауруына COVID-19 қарсы вакцина себеп болды деп жазбаған. Керісінше, дәрігер инфекцияға қарсы екпенің салынбауы деп түсіндірді және вакцинацияға қарсы адамдардан жазбаға пікір қалдырмауын сұрады. Сондай-ақ, ол өз тәжірибесінде мұндай жағдайды алғаш рет кездестіргенін айтты. Ол болашақ аналарды, әсіресе жүктіліктің үшінші триместрінде, маска тағуға және қоғамдық орындарға бармауға шақырды.

2021 жылғы шілдеде анасының COVID-19 инфекциясын жұқтыруы нәтижесінде жаңа туған нәрестелерде MIS-N дамыған бірқатар жағдай сипатталған. Бұл нәрестенің кейбірі 2020 жылғы екінші жартысында, вакциналар қолжетімді болғанға дейін дүниеге келген. Яғни, олардың аналары жай ғана екпе ала алмаған.

2022 жылы MIS-N бар тағы 20 баланың талдауы жарияланды. Барлық жағдайда аналар жүктілік кезінде COVID-19 жұқтырған, бірақ олардың барлығына вакцинация жасалмаған.

Сондықтан анаға жасалған вакцина неонатальды ауруға себеп болды деген мәлімдемелер - манипуляциялық және негізсіз. Ғылыми әдебиеттерде MIS-N-нің себебі вакциналар емес, анадан жұқтырған ауру екенін біржақты айту үшін осыған ұқсас жағдайлар жеткілікті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек