TikTok Қазақстанда ашыла ма? Платформа өкілімен сұхбат

Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions компаниясының бас директоры Анастасия Панина Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанда TikTok-ты ашу, платформаны қазақ тілінде дамыту және балаларды орынсыз контенттен қорғау туралы айтты.

- Қазақстан мен ТМД елдеріндегі TikTok платформасының болашағы қандай?

- Қазақстан - TikTok үшін қызық нарық. Біз мұнда былтырдан бастап белсенді жұмыс істей бастадық, жергілікті қауымдастықпен, контент авторларымен, серіктестермен және бизнес өкілдерімен жұмысты дамыта бастадық.

TikTok - кез келген адамға талантын көрсетуге, білімін бөлісуге немесе өміріндегі сәттерді бөлісуге мүмкіндік беретін шығармашылық платформа. Шынында, TikTok адамдардың әлеуметтік желіде өзін еркін көрсете алатын барлық кедергіні жойды: кез келген адам жасына және кәсібіне қарамастан, арнайы дағдылары мен жабдықтары жоқ болса да, өзін әлемге танытады және тіпті осы арқылы ақша таба алады. Контент авторлары үшін біздің платформа да қызық, себебі ол аудиторияны ел ішінде ғана емес, сонымен қатар, одан тыс жерлерден де тартуға, бүкіл әлем бойынша миллиард пайдаланушыға өз өнімін таратуға мүмкіндік береді. TikTok Қазақстанда өте танымал, бірақ одан әрі дамуы керек, өйткені елде талантын әлемге паш ететін адам көп.

Біз қазір Қазақстанда байқап, белсенді түрде қолдап отырған қызық үрдістердің бірі - білім беру контенті авторларының көбеюі. Оның мысалы - химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов (@wannabeteacher), ол өз пәні туралы ерекше айтады. Мысалы, ол периодтық жүйенің покемон сияқты элементтері туралы айта отырып, ән айтады және мұндай қызық білім беру форматы тек мектеп оқушылары арасында емес, ел ішінде және шетелде үлкен аудиторияны қамтуға мүмкіндік береді. Ол миллиондаған қолданушыны жинап, нағыз TikTok жұлдызына айналды және оның видеоларының астында "15 жыл бұрын менде осындай мұғалім болғанын қалайтынмын" және "осылай химия шынымен, есте қалады" деген көп жағымды пікір жазылады.

@wannabeteacher короче, ждите опенинги всех элементов из таблицы Менделеева, первый пошёл #водород #pokemon #химия #покемон ♬ оригинальный звук - Твой Учитель Химии

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!