"Тағы да бірдеңе дедің". Ән сөзінің авторы түсініксіз мәтін қалай жазылғанын түсіндірді

Ақын, актер Рамазан Амантай кеше Алматыда авторлық әндеріне арналған кешін өткізді. Бұл кеште Желіде қызу талқыға түскен "Ұйқым келмейді" атты ән де орындалды. Ал әннің сөзін жазған Рамазан Амантай ән қалай жазылғанын айтып, мәтіндегі түсініксіз сөздердің мәнін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рамазанның сөзінше, әнді екі жыл бойы ешкім орындамаған.

"Сен менен кеттің,

Кетсең де күнде көремін, 

Ойлаймын көктен сүйікті жұлдызым ағып,

Әлемді мынау бөлмеме кіргізіп алып" деп серьезно жазғанмын, қайғырып. Сөйтіп, "Қош бол деп айттың" дегенде, қыз "қош бол" деп айтқан соң не айтқанын түсінбейсің ғой. Сондай философия ғой. ...Әрі қарай бұлыңғыр болып кеткен. Сол сөзді жаза сала "Диана, осыған ән көрші" деп, талантты сазгер досым, әнші Диана Исмайылға жібердім. Диана күшті қылып ән жазды. Бұл әнді екі жыл бойы ешқандай әнші алған жоқ", - деді ол.

Кейін кеште бұл әнді сазгер Диана Исмайыл орындады.

Айта кетейік, таяуда "Той думан" телеарнасының YouTube-арнасында Алина Шакиеваның "Ұйқым келмейді" атты әні шыққан еді. Бұл ән әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен болатын.

Еске салайық, бұған дейін сынға ұшыраған автор әнді өзі айтып, Қазнетті жаулап алғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!