Желіде адам мен маймыл гибридінің видеосы жарияланды - фейк

Желіде адам мен маймыл гибридінің видеосы жарияланды - фейк
Фото: stopfake.kz

Қазнетте маймылға ұқсайтын ерекше тіршілік иесі бейнеленген видеоролик тарады. Желі қолданушыларының айтуынша, бұл - химера. Яғни жасырын зертханаларда шығарылған адам мен маймыл гибриді. Бұл жалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake_kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, банан жеген ерекше жануардың видеосы Желіде үш айға жуық уақыт бұрын, яғни 2022 жылғы шілдеде тараған. Кейбіреулері бұл Қытайда жасалған маймыл мен егеуқұйрықтың буданы екенін жазған.

Алайда кадрларда күміс мармозеткасы көрсетілген деп жазғандар да болған. Ол примат тұқымдасына жатады екен.

Видеода көрсетілген дарақтың сау емес екені анық. Оны аяқ-қол буындарының ұлғаюынан және аяғы мен басында жүннің болмауынан байқауға болады. Дегенмен бұл видеодағы маймылдың адамның, егеуқұйрықтың немесе басқа бір тіршілік иесінің ДНҚ-сы бар мутант екенін білдірмейді.

Химера туралы хабарламалар - фейк. Видеода маймыл мен адамның гибриді емес, ауру күміс мармозетка көрсетілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова