Киев орталығында жарылыс болды

Киев орталығындағы аудандардың бірінде бірнеше жарылыс болды, - деп хабарлайды Deutsche Welle агенттігі.

Киев мэрі Виталий Кличко Украина астанасының орталық аудандарының бірінде бірнеше жарылыс болғанын айтты.

"Киевтің Шевченко ауданының орталығында бірнеше жарылыс болды. Толығырақ кейінірек", - деп жазды ол Telegram-да.

Киевтің орталығында бірнеше мемлекеттік кеңсе мен тарихи ескі қала орналасқан. Кейбіреулер үш жарылыс дауысын естігенін айтқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!