"Махаббат жасқа қарамайды". Кәмшат Жолдыбаева сүйіктісімен суреттерін ресми жариялады

Әнші Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлы бірге түскен суреттерін ресми жариялады. Айта кетейік, Желіде әнші мен актер кездесіп жүр деген қауесет тараған болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақ-қара стильде жасалған фотосессия суреттерін Ғазрет пен Кәмшат Instagram-парақшаларында бөлісті. 

"Киноның афишасы болса, қандай атау берер едіңіздер?", - деп жазды Кәмшат. 

Кәмшат Жолдыбаеваның бұл сұрағына танымал қазақстандықтар да жауап берген. Ал оқырмандары бұл сұраққа әзілдеп жауап берген.

"Кемпір мен бала", "Сақалдының махаббаты", "Махаббат жасқа қарамайды", "Көптен күткен махаббатым", - деген атау ұсынған оқырмандар. 

Оның ішінде, жұпқа бақыт тілегендер де бар.

"Әдемі жұп", "Кім не десе о десінші, әдемісіңдер", "Салды-ау, бақытты болыңдаршы", - дейді Желі қолданушылары.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!