"Манчестер Юнайтед" Роналдуды төмен бағаға сатуға дайын - БАҚ

"Манчестер Юнайтед" португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуды сатуға дайын, - деп хабарлайды Daily Star.

Басылым мәліметінше, "Қызыл сойқандар" 37 жастағы футболшыны бар болғаны 11 миллион еуроға сатуға келіскен. Клуб Роналдуды америкалық "Интер Майамиге" сатпақ. Бұл команданың қожайыны - Дэвид Бекхэм. Америкалық клуб Роналдуға бір маусым үшін 34 миллион еуро төлеуге дайын. 

Роналду осы маусымда тоғыз матчқа қатысып, бір ғана гол соққан. Ойыншының келісімшарты 2023 жылы жазда аяқталады.