"Үш бала қаза тапты". Павлодар облысында жантүршігерлік апаттар болды

Павлодар облысының Шідерті кенті мен Ақсу ауылдық аймағында жол апаты болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, Шідерті кентінен 10 шақырым жердегі оқиға туралы хабар сағат 21:22-де түскен. 

"Мұнда екі көлік соғысып, нәтижесінде біреуі өртенген. Дәрігерлер 9 минутта жетті. 7 жастағы бала көмек келгенге дейін көз жұмған", - деді 103 қызметінің өкілдері.

2 және 5 жастағы тағы екі бала, 24 жастағы ер адам мен 30 және 51 жастағы әйел адамдар Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. 

Екінші жол апаты сағат 22:00 шамасында Ақсу қаласынан 25 шақырым жерде болған. 

"Екі көлік соқтығысынан 5 адам зардап шекті. Жедел жәрдем топтары бірінші санаттағы жеделдікпен 13 минутта жетті. 2 және 6 жасар балалар мен 40 жастағы әйел адам алған жарақаттарынан көз жұмды", - деді дәрігерлер. 

40 және 58 жастағы ер адамдар Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!