Ақтау әуежайының маңында такси жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсірілді

Ақтау әуежайының маңында такси жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Ақтау халықаралық әуежайына кіреберісте такси жүргізушілері арасында төбелес болған.

Видеода екі ер адам жанжалдасып қалғаны көрсетіледі. Олардың бірі былапыт сөздер айтып, қарсыласын ұрмақ болады.

Әріптестері оларды ажыратып үлгерді. 

Көліктегі полиция департаментінің өкілдері бұл дерек Маңғыстау облысының полиция департаментінде тіркелгенін хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!