Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жолаушы қаза тауып, екі жүргізуші жарақат алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"7 қазанда сағат 22.00-де Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының жанындағы Ленинский-Курчатов автожолының 55-шақырымында 40 жастағы Нива көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз етпей, жолдың оң жағында ілеспе бағытта тұрған КамАЗ 5320 автомашинасының тіркемесімен соқтығысқан", - делінген хабарламада. 

Жол апаты салдарынан Нива көлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!