Жүсіп Ақшораев пен Нұржан Төлендиевке пародия жасаған жігіт жұртты таңғалдырды

Жүсіп Ақшораев пен Нұржан Төлендиевке пародия жасаған жігіт жұртты таңғалдырды

TikTok-та белгілі актер Жүсіп Ақшораевқа пародия жасаған жігіттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желідегі видео 24 мыңнан аса қаралым жинаған, оған 1000-нан аса пікір жазылған. Онда ер адам Жүсіп Ақшораевты айнытпай салатынын көруге болады. Тіпті дауыс мәнері, бет әлпеті, өз-өзін ұстауы актерге қатты ұқсайды. Сондай-ақ, ол видеода Нұржан Төлендиевке де пародия жасаған.

"Қытайдағы Жүсіп", - делінген видеода.

@kazakhbiz #қытайқазақтары дағы жұсіпке #пародия #қандастар #алдараспан #шаншар #нұржантөлендиев ♬ 原聲 - саяхат_таймыз

Желі қолданушылары жігіттің өнеріне тәнті болған.

"Базар жоқ, Қазақстанға әкелу керек қой", "Қанша адам істеді дауысын, бірақ мына жігіттей ұқсата алмаған ешқайсы, жарайсың, Жүсіпті ұқсатты", "Шашын алып, тақия кигізсе ұқсайды екен", "Жүсіп көкеміздің жас шашы ұзын кезі", "Таза әртіс қой мынау", "Айнытпайды екенсің, бауырым", - деп жазған пікір білдірушілер.

Айта кетейік, Жүсіп Ақшораев - 1994 жылдан Уәлибек Әбдірайымовпен бірлесіп ашқан "Шаншар" әзіл-сықақ театрында актер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова