Дәрігер ағзадағы темір жетіспеушілігінің себептері мен белгілерін атады

Медицина ғылымдарының кандидаты Екатерина Кашух ағзадағы темір тапшылығының белгілері мен себептерін атады. Ол бұл туралы "Известия" басылымына айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Маман темір тапшылығы кезінде адамда шаршау, бас айналу, шаштың түсуі және тырнақтың сынғыштығы секілді белгілер болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, темір тапшылығы қабынған аурулар кезінде де пайда болады.

Жүктілік кезінде де темірге деген қажеттілік едәуір артады, өйткені әйелдің денесі ұрықтың дамуына микроэлементтерді қолданады. Сонымен қатар, темірдің жетіспеушілігі дұрыс тамақтанбаудың салдары болуы мүмкін. Жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін диетаға ет, бауыр, жасымық, шпинат, анар, алма және кептірілген өрік қосу керек. Ол ағзаға түскен темірдің жалпы тек 10 пайызы сіңетінін атап өтті.

Кашухтың айтуынша, адам анемияның бар-жоғын байқамауы мүмкін, сондықтан аурудың дамуын бақылау үшін жыл сайын клиникалық қан анализін тапсыру керек. Дәрігер темір, ферритин, трансферрин және жалпы қан анализінің зерттеу нәтижелері бойынша дәрі-дәрмек тағайындайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!