"Топтық чаттан шығуға ұялмаңыз". WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болды. Енді мессенджерді қолданушылар топтық чаттан шыққанда хабарлама тек әкімшілерге келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі мессенджердің Twitter-дегі ресми аккаунтына сілтеме жасап. 

"Енді топтық чаттан қалаған уақытта ескертпестен шыға аласыз, себебі чаттан шыққан кезде хабарлама тек топ әкімшісіне келеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қазаннан бастап WhatsApp мессенджері iOS-тың кейбір ескірген нұсқаларында жұмыс істемейтінін хабарлаған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!