Қарағанды облысында полицейлер шетелдіктерден 40 мың рубль бопсалаған деген күдікке ілінді

Қарағанды облысында шетелдіктерден 40 мың рубль бопсалады деген күдікпен полицейлер іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 қазанда болған оқиға туралы Telegram-да жазылған. Желі қолданушысының айтуынша, жанындағы адамдармен Астанадан Балқашқа екі көлікпен бара жатқан. Ол бір кезде олардың артында сирена қосылған полиция көлігін көргенін атап өткен. Тәртіп сақшылары оларға тоқтау керегін айтқан, содан кейін олар көліктеріне отыруын және телефондарын көліктерде қалдыруын сұраған. Қыз полицейлер пара алғысы келгенін айтады.

Оның айтуынша, полицей оларға жолақты дұрыс емес кесіп өтті деген айып таққан. Қыз оларға тіпті видеодәлелдемелер беруге дайын болғанын айтады, бірақ олар дереу хаттама жасайтындарын, құқықтарынан айырылатынын айтқан. Қыздың сөзінше, содан кейін полиция қызметкері әр көліктен 40 мың рубль пара сұраған.

"Құқық бұзған-бұзбағанымызды білмедік және қорқып кеттік. Өкінішке қарай, Қазақстанда нақты айыппұл қанша екенін оқымадық және бұл үшін бірден жүргізуші құқығынан айыратынына сендік. Біз қорқып, бердік, бірақ сұрағанынан аз. Біз ешкімге қоңырау шалып, Интернеттен мүлдем тексере алмадық, өйткені ол жерде ешқандай байланыс болған жоқ", - деді ол.

Жазба авторы видео түсіре алмағандарын атап өтті. Оның айтуынша, полиция қызметкері де жазбаны видеотіркегіштен өшіріп тастаған.

Қарағанды облысы Полиция департаменті өкілдері бұл дерек бойынша тергеу басталғанын айтты.

"Қазанның басында әлеуметтік желіде Екатеринбург - Алматы тасжолында жол ережесін бұзу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершіліктен босатқаны үшін шетелдік азаматтардан полицейлер заңсыз ақша алғаны туралы ақпарат анықталды.

Жазбада көрсетілген дәлелдерді тексеру мақсатында Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы соталды тергеп-тексеруді бастады, ол бойынша қазір қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді өңірлік ПД баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!