"Жүрегім тоқтап қала жаздады". Асылхан Төлеповтің жаңа образы Қазнетті шошытты

Актер Асылхан Төлепов жаңа образын көрсетіп, жұртты шошытты. Ол Instagram-парақшасына жаңа образдағы суретін жүктеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кішкене грим жасасаң, басқа адам болып шыға келесің", - деп жазған ол парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асылхан Толепов (@assylkhantolepov)

Желі қолданушылар актердің жаңа образынан шошығанын айтып, пікір қалдырған. 

"Шын деп ойлап қалдым ғой, жарасып-ақ тұр", "Қандай болсаңызда біз үшін сымбаттысыз", "Жаным-ау, түріңді көріп жүрегім тоқтап қала жаздады", "Мен шынында, бетіне тыртық түсті деп ойладым", "Басында қорқып қалдым. Аман жүрші, Асылхан бауырым ", - деп жазған қолданушылар. 

Айта кетейік, Асылхан Төлепов - "Жаужүрек Мың Бала" фильмінде басты рөлде ойнаған театр және кино актері. Бұдан басқа ол "Томирис", "Финансист", "Көкпар" фильмдеріне түсті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!