Өзбекстанда туыстардың бір-біріне үйленуіне заң жүзінде тыйым салынады

Өзбекстанда туыстардың бір-біріне үйленуіне заң жүзінде тыйым салынады

Өзбекстанда туыстардың бір-біріне үйленуіне заң жүзінде тыйым салынады. Өзгеріс отбасы кодексіндегі неке тармағына еніп отыр, - деп хабарлайды Gazeta.uz.

Басылым мәліметінше, Отбасы кодексіне жақын туыстар арасындағы некеге тыйым салуды енгізу ұсынылып отыр. Отбасы кодексіне түзетуді Әйелдер және отбасы істері жөніндегі мемлекеттік комитет дайындаған. 2021 жылдың екінші жартыжылдығында елде туыстар арасындағы 1210 неке тіркелген.

Енді туыстар арасындағы, туысқан аға-іні мен апалы-сіңлілер арасындағы, сондай-ақ асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында некеге тұруға тыйым салынады.

Бұл негізінен, балалардағы сирек кездесетін генетикалық аурулардың көбеюімен байланысты. Себебі, Өзбекстандағы дәл осындай аурудың төрттен бірі туыстық некеден болатыны анықталған.

"Қоғам дамуының заманауи ерекшеліктері отбасын нығайтуға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жақын туыстарының некеге тұруына жол бермеуге бағытталған заңнаманы жетілдіруді талап етеді",
- делінген заң жобасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова