Қазақстандық әйел қызын Қырғызстандағы бейтаныс адамға тапсырған

Қазақстандық әйел қызын Қырғызстандағы бейтаныс адамға тапсырған
Фото: Pixabay

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2022 жылдың басынан бері Қырғызстанда заңсыз жүрген бес баланы елге қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қырғыз Республикасының аумағынан кәмелетке толмаған бес баланы, соның ішінде үш қыз және екі ұлды елге қайтарған.

"2011 жылы туған қыз Қырғызстанның Панфилов ауданында заңсыз болған. Баланың анасы көрші мемлекетке барып, қызын тәрбиелеуге тиіс құжаттарды ресімдемей, бейтаныс адамдарға тапсырған. Бала жақын туысының өтініші бойынша Қазақстанға қайтарылды. Сондай-ақ, 2009 және 2011 жылдары туған әпкесі мен інісі Бішкекте болған. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары арқылы балаларды елге қайтару қажеттілігі туралы өтініш келіп түсті. Тағы бір жағдай 2010 және 2015 жылы туған ағасы мен қарындасы Қырғыз Республикасының Ош облысының Қара-Суй ауданында болған. Балалар туыстарында заңсыз болған және олар анасының өтініші бойынша елге қайтарылды", - деді оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Ведомствоның мәліметінше, кәмелетке толмағанның барлығы Алматы қаласындағы Балаларды қолдау орталығына жеткізілген. Қазір қолданыстағы заңнамаға сәйкес балаларды туыстарына беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек