Қазақстанда Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция құрылады

Қазақстанда Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция құрылады
Фото: akorda.kz

"Аманат" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция құрылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін біз стратегиялық таңдау жасадық, біз бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Әрине, басқа партиялар, саяси бірлестіктер бар, олар да Тоқаевты ұсынады. Сондықтан біз осы саяси бірлестіктермен бірігіп, Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция құру туралы келісімге келдік", - деді Қошанов "Аманат" партиясының кезектен тыс съезінде.

Ол, сондай-ақ, бүгін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үлкен форум өтетінін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек