2023 жылы Ораза қашан басталады?

2023 жылы қасиетті Ораза айының басталар күні белгілі болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды "КТК" арнасы. 

Осылайша бес парыздың бірі - Ораза келер жылы наурыз мейрамымен тұспа-тұс келеді. 30 күнге созылатын Рамазан айынан соң, Ораза айт 21 сәуірге бекітілген.

Ал Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-не қараған түніне бекітілсе, Құрбан айт 28 маусымға бекітілді.

Хижра айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметі негізінде жасалған. Сондай-ақ, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың толуына байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!