"Балалық шақ еске түседі". Ауыл балаларының суреттері жұртты сүйсінтті

"Балалық шақ еске түседі". Ауыл балаларының суреттері жұртты сүйсінтті
Фото: Ернар Алмабек

Ауыл балаларының суреттері Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суреттерді фотограф Ернар Алмабек түсірген. Сол процестің видеосын Instagram Reels-ке жариялаған. Видео 660 мыңнан аса қаралым жинапты.

"Балаларға фотосессия. Қора жақта ойнап жүрген жерлерінен ұстап алдым", - деп жазған Ернар Алмабек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yernar Almabek (@yernar.almabek)

Оған 63 мыңнан аса лайк басылып, 3,5 мыңға жуық пікір жазылыпты. 

"Қандай керемет", "Баяғы балалық шақ еске түседі", "Қандай керемет кадрлар. Тосыннан түскен суреттер сияқты", "Не деген керемет суреттер, жүрекке жылулық береді", "Тәтті балақандар, сүйкімді қылып шебер түсіріпсіз фотоға", - деп жазған Қазнеттегілер. 

Фотограф Ернар Алмабектің айтуынша, суреттер тамыздың соңына қарай түсірілген.

"Балалар қорада құлындарға жем беріп жүр екен. Дүкеннен тәттілер сатып әкелдім де, балаларды суретке түсірдім. Реакциясын суретке түсіргім келді. Жұртқа ұнаған сияқты", - дейді ол. 

Суреттер Алматы облысы Кеген ауданы Тоғызбұлақ аулында түсірілген екен.


Фото: Ернар Алмабек

Айта кетейік, бұған дейін ауылда бие сауып жатқан әйелдің фотосессиясы әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті еткенін жазған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш