Белгілі актриса кішкентай сәбиінен айырылып қалды

Актриса әрі блогер Әсел Асқар кішкентай сәбиінен айырылғанын айтты. Ол бұл хабарды Instagram-парақшасында жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Балам мәңгілік сапарға кетті. Күнім", - деді ол.

Бұған дейін ол сәбиінің жағдайы туралы ашып айтқан.

"2 апта бұрын жансақтауға түстік. Өзім елестетіп те көрмеген диагнозбен түстік. Туа біткен жүрек жеткіліксіздігі. Әдетте бұл диагнозды жүктіліктің 18 немесе 38 аптасында анықтайды. Бірақ, өкінішке қарай, анықталмады. Сол кезде сәбиіме болып жатқан нәрсемен күресуге болар еді. Дәрі-дәрмек беріп, басқа маңызды ағзаларын сақтауға болар еді. Оның ағасы 6-7 айға дейін күресті, содан кейін шаршады. Бұл - туа бітті диагноз, өте сирек кездеседі. Өкінішке қарай, медициналық білімсіз бұл ауруды осы мерзімде анықтау қиын, өйткені мұндай патологиясы бар балалардың сау көрінуі қалыпты, әдеттегі нәресте секілді ісініп тұрады, көңіл-күйі де жақсы болады әрі айқын белгілері болмайды. Иә, менде де балам бір нәрседен зардап шегеді деген ой болмады. Дәрігерлер оның сыртқы келбеті мен сынақтарын ультрадыбыспен салыстырып таңғалды. Қазір ол өте ауыр күйде. Дәрігерлер оған бірінші күннен бастап сенбеді, бірақ ол басқаша дәлелдейді. Бәрі Айбарысты сұрайды. Сіздермен бөлісуге бел будым. Мен оның жанында бірнеше күн жансақтаудамын. Ол мен қасында екенімді сезіп, кері жауап береді", - деп жазған ол Желіде. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!