Футболшы ойын кезінде бетон қоршауға соғылды

Футболшы ойын кезінде бетон қоршауға соғылды

Германияның солтүстік-шығыс аймақтық лигасындағы "Хеми Лейпциг" клубының форварды Денис Епель ойын кезінде бетон қоршауға соғылып, талып қалды. Оқиға "Хемнитцер" командасына қарсы жетінші тур матчінде (1:0) болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның 23-минутында Епель допты қуып жетпек болып, оны алаң шетіне асырып жібереді. Алайда өзі тайқанақтап тоқтай алмай, қоршауға соғылды да есінен танып қалды. 

Біраз уақыттан кейін есін жиған футболшыны ауруханаға алып кетті, дәрігерлер оны бір күннен кейін үйіне жіберді. 

Клуб өкілдері қазір Денистің жағдайы жақсы екенін, дегенмен оны бірнеше күн демалысқа жібергенін атап өтті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина