Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев ұлдары туралы сұраққа жауап берді

"Ауыл" партиясының атынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев ұлдары алаяқ деп тараған қауесеттерге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ұлдарым ересек адамдар, олардың өз өмірі бар. Олардың түрмеде отырғаны, басқасы жалған. Бір ұлым егін егеді, екіншісі құлпынай өсірумен айналысады. Біз құқық қорғау органдарының және соттың ісіне араласа алмаймыз. Бәрін уақыт көрсетеді", - дейді Дайрабаев.   

Айта кетейік, бұған дейін түрлі БАҚ-та Жигули Дайрабаевтың ұлдары Жамбыл облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысымен бірлесіп, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқырды және алаяқтық жасады деп айыпталы жатқаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!