Қазақстанның ең лас қалалары аталды

Қазақстанның ең лас қалалары аталды

Қазгидромет еліміздегі ең қатты ластанған қалалардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандар өткен аптада еліміздің ірі қалаларындағы атмосфералық ауаның сапасын өлшеген. Зерттеу барысында келесі көрсеткіштер тіркелген:

Ластанған ауамен тыныстайтындар көшін Астана тұрғындары бастап тұр. Мұнда зиян заттардың шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 1300-ден аса жағдайы тіркелген. 

Екінші орында Қарағанды ​​қаласы. Қарағандыда ауаның ластану деңгейі елордадан үш есеге аз.

Үшінші орында - Алматы.

Ең таза ауа Шымкент пен Ақтөбеде тіркелді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова