Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

5 қазанда Қазақстанның бес өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін елдің бес өңірінде қатты жел соғып, жаңбыр күтіледі.

Атырау облысының шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында дауыл соғады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстік-шығыста, оңтүстікте, облыс орталығында жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с .

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова