Бір ай шоколад жемесе ағзада қандай өзгерістер болады?

Көпшілігі бір күн шоколад жемей өмір сүре алмайды. Алайда бұл тәттінің пайдалы қасиеттері де жоқ деуге болмайды. Шоколад жүрек-тамыр жүйесін нығайтады, тромбоздан қорғайды және көңіл күйді жақсартады. Дегенмен шоколадтың кейбір түрлерінде қант пен май тым көп, сондықтан сапалы өнімді таңдаған дұрыс. Алайда адам шоколадты көп жесе, тіпті ең жақсы деген шоколад та ағзаға зиян тигізуі мүмкін. Бұл тәттіні көп тұтынатыныңызды байқасаңыз, одан біраз уақыт бас тартқан да дұрыс, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter.ru басылымына сілтеме жасап.

Көңіл күй жиі құбылмалы болады

Адам шоколадтан бас тартса, қантты да аз жейді. Диетолог Джейн Куиннің сөзінше, адам қант жемесе, кенет көңіл күйі өзгеруінің және ашуланшақтықтың негізгі себептерінің бірінен құтылады.

Салмақ азаяды

Шоколадтың калориясы көп. Орташа алғанда, 100 грамм өнімде шамамен 546 ккал болады. Адам шоколадты жеуді тоқтатса, онда күнделікті рациондағы калория мөлшері әлдеқайда аз болады. Бұл салмақ тастауды бастау үшін жеткілікті болуы мүмкін.

Жақсы ұйқы

Түнде кофе ішудің қажеті жоғын көпшілігі біле бермейді. Алайда қандай да бір себептермен шоколадта да кофеин бар екенін ұмытып кетуіміз ғажап емес. Шектеулі мөлшерде ғана кофеин тұтыну пайдалы, бірақ адам тым көп шоколад жесе, одан кейін бір кесе кофе ішсе, онда ұйқысыздыққа тап болады. Ал адам бір ай бойы тәттіден бас тартса, онда ұйқысы тыныш болуы мүмкін.

Жағымсыз эмоцияны жеңіп үйренесіз

Көптеген адам стресті жеңу үшін шоколад жейді. Алайда бұл әдеттен кем дегенде бір ай бас тартуға тырыссаңыз, жағымсыз эмоцияларды қабылдауға және оларды тамақтың көмегінсіз жеңуге үйрене бастайсыз. Бұл адамның физикалық күйіне де, психикалық денсаулығыңызға да пайдалы болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!