"Ақпарат беру стилі ерекше". TikTok-тағы пайдалы оқытушылар

Қазақстанда Ұстаздар күні қазанның алғашқы демалысы тойланады. Мұндай шешім 1965 жылы КСРО жоғарғы кеңесінде қабылданды. Ал 1966 жылы ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымы өкілдері "Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар" құжатына қол қойған. Сол кезден бастап 5 қазан Халықаралық мұғалімдер күні болып бекітілді. Осы күнге орай, Massaget.kz тілшісі жаңа технологиялары мен платформаларын пайдаланып, білім беретін заманауи мұғалімдерге шолу жасады. 

Тарих ағай

Нұрқожа Ерсайын - тарихшы, археолог, тиктокер. Нұрқожа Ерсайын өз парақшасында тарихтағы маңызды мәселелерді түсінікті тілмен береді. Алғашында ол Jump2Mars құрамында болған. Қазір TikTok-парақшасында 107 мың оқырман бар. 

@nurqojadua #тарихағай ♬ оригинальный звук - тарих ағай

Химия ағай

Ұлан Үсенов - "100 жаңа есім", Forbes 30 Under 30 жобаларының жеңімпазы, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі. Қазір TikTok-парақшасында 970 мың оқырманы бар. Оның ерекшелігі - химия пәнін аниме стилі арқылы оқырмандарына түсіндіреді. 

"Ең алдымен, балаға қызық, оның дүниетанымы мен әлемді тануға деген ниетін оятатын заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Әсіресе қазір интерактив әдіске қызығушылық басым. Мәселен, менің оқушымның көбі аниме көргенді ұнатады. Сондықтан осындай интерактив қызық әдіске жүгінуге тура келді. Оқушыға білім беруді қалаған мұғалім ақпаратты ұқтырудың амалын табады деп ойлаймын. Оған аз ойланса жеткілікті", - деді ол бір сұхбатында.

@wannabeteacher немного очевидно, но все же ? #химия ♬ оригинальный звук - NAVI | ULTRAN1GER

Ағылшын ағай

Ақжол - Назарбаев университетінің "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша 4-курс студенті. Оның ақпарат беру стилі ерекше. Байқап отырсаңыз, ол өзінің бет-жүзін көрсетпейді, арнайы Instagram маскасын қолданады. Ағылшын тілінен басқа қытай тілінде де сөйлей алады. Тіпті "Қазақ аудиториясына арналған ағылшын тілі" әдістеме-кітабының авторы. Қазір TikTok-парақшасында 16 мың, Instagram-парақшасында 100 мың оқырманы бар.

@english_teacher_akzhol Маған жазыл, Ағылшын тілін бірге үйренеміз! #агылшын #агылшынтили #агылшыншабылукерекпоидеищщс #ағылшын #ағылшынтілі #ағылшынтілінүйрену #ағылшынонлайн #ағылшыншаүйрену ♬ original sound - english_teacher_akzhol

Ағылшын апай

Аружан Болатқызы - математика, ағылшын тілі пәндері мұғалімі. Биыл Италия, Польша елдеріне грант жеңіп алған. Бұдан басқа, ол шетелде оқуға қызығушылық танытқандарға көмектеседі. Қазір TikTok-парақшасында 105 мың, Instagram-парақшасында 15 мың оқырманы бар.

@arujan.bolatkyzy Қалай оқыдың? #ағылшын#ағылшынтілі#ағылшынтілінүйрену#английский#english ♬ sonido original - elia2005

Математика ағай

Данияр Сеңгірбай - 5 жылдық тәжірибесі бар математика және физика пәндерінің мұғалімі. Қазір Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған #ҚазақстанМұғалімдері байқауының "Жаңа мұғалім" номинациясының амбассадоры. TikTok-парақшасында 70 мың оқырманы бар.

@aks.dani #деньнаукиказахстана #логика ♬ this is what falling in love feels like - JVKE

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!