"56 000 теңге салып, 1 миллион 400 мың табасың". Желіде жаңа фейк тарады

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ға инвестиция салуға шақыратын жарнама тарап жатыр. Онда 56 000 теңге салып, бір аптада 126 100 теңге, ал бір айда 1,4 миллион теңге табуға болатыны айтылады. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Басылым мәліметінше, бұл хабарландырудың "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ға ешқандай қатысы жоқ және оны алаяқтар таратып жатыр. Компанияның ресми сайтында осындай алдау схемалары туралы ескерту жарияланған.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Қазақстан азаматтарының қаражатын ешқандай инвестициялық жобаларға тартпайтынын хабарлайды. Таралған жарнама жалған және бұл алаяқтардың жұмысы", - делінген хабарламада.

Фейк инвестициялар туралы ескертулер компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында да бар. Алаяқтар "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ атауы мен беделін бұған дейін де өз мақсаттарында пайдаланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!