Түркістан облысында ер адам есірткіні кіржуғыш машинада жасырған

Түркістан облысында ер адам есірткіні кіржуғыш машинада жасырған
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында ер адам есірткіні кіржуғыш машинада жасырған, - деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі есірткі сатумен айналысатыны туралы хабарлама түскен. Ақпаратты алғаннан кейін Түркістан облысы ПД ЕҚБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген. Нәтижесінде полицейлер күдіктіні ұстаған. Оның үйін тінту кезінде жедел уәкілдер кіржуғыш машинадан есірткі тұтынуға арналған құрылғы тауып, қағаз орам мен есірткіге ұқсас заты бар екі сіріңке қорабын тәркілеген. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі құралдары кептірілген марихуана болып шыққан. Оның жалпы салмағы шамамен 15 грамм болған.

Қазіргі осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Ал ер адам қамауға алынған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова