Шавкат Рахмoнов UFC рейтингінде үздік ондыққа ілікті

Шавкат Рахмoнов UFC рейтингінде үздік ондыққа ілікті
Фото: Instagram.com/shavkatrakhmonov94

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-тің жаңартылған рейтингінде бір сатыға жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Жартылай орта салмақтың осыған дейінгі тізімінде Шавкат Рахмонов 11 орында еді. Ал жаңа рейтингінде ол бір саты жоғарылап, қазір оныншы орында тұр. 

Айта кетейік, Рахмонов 16 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. Оның ішінде ол төрт кездесуді UFC-де өткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек