"Өзіңе қиянат жасайсың". Азамат Сатыбалды Мұқағалиді сомдау үшін 14 келі қалай қосқанын айтты

"Өзіңе қиянат жасайсың". Азамат Сатыбалды Мұқағалиді сомдау үшін 14 келі қалай қосқанын айтты
Фото: Instagram/ azamatc

Актер Азамат Сатыбалды ақын Мұқағали Мақатаевты сомдау үшін 14 келі салмақ қосқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Нұрлан Қоянбаев жүргізетін "Түнгі студия" бағдарламасында бөлісті. Актердің айтуынша, бірден артық салмақ қосу қиынға соққан. 

"14 келі артық салмақ қостым. 82 келіден 96-ға жеттім. Өзімді өте ауыр сездім. Салмақты табиғи жолмен қосқан жоқпын. Өйткені бір жарым ай ішінде салмақ қосуым керек еді. Арнайы кіндікке салатын гармон уколы бар. Сол екпе арқылы бір айдың ішінде 14 келі қостым. Енді өте қиын. Өйткені таңертең ұйқыдан тұрғанда саусақтарың, аяқтарың ісіп кетеді, жүре алмай, ауыр қимылдайсың. Өйткені ағзадан су шығармайды. Бір жыл болды бұрынғы салмағыма қайта орала алмай жатырмын. Қазір диетадамын, жүгіремін. Қазір 85 келімін. Әлі үш-екі келі тастауым керек", - деді Азамат Сатыбалды.

Сондай-ақ, ол он күн ішінде артық салмақтан қалай арылғанын айтты. 

"Өзіңе қиянат жасайсың, бірақ енді бұл роль үшін. Мынадай арық күйде Мұқағалиді сомдау өте қиын. Өйткені бірінші, екінші, үшінші сериясында Мұқаңның толық кезін ойнасам, төртінші сериясында Мұқаңның ауруханадағы кейпін сомдауым керек еді. Сол үшін мен он күн уақыт демалып, қайтадан арықтауым керек еді. Қайтадан тек су ішіп, он келі салмақ тастадым", - деді актер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек