Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік өтініш білдірген?

Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік өтініш білдірген?
Фото: TengriNews

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қанша ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан азаматтығын алу үшін бар болғаны 68 ​​өтініш түсті. Азаматтық алудың белгілі бір тәртібі бар, олар сол арқылы өтеді", - деді Ахметжанов.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі Ресейден келген азаматтарды деструктив топтарға қатысы барын тексере ме деген сұраққа жауап берді.

"Әрине, барлығы бақылауда. Егер мұндай жағдайлар болса, әрине, тиісті шаралар қолданылады", - деп жауап берді министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек