"Сенің арқаң". Димаш Құдайбергеннің вьетнамдық жанкүйерлері қазақ тілінде сөйледі

"Сенің арқаң". Димаш Құдайбергеннің вьетнамдық жанкүйерлері қазақ тілінде сөйледі
Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші Димаш Құдайбергеннің концертінде вьетнамдық жанкүйерлері қазақша сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Қазақ тіліне құрмет көрсетіп жүрген әлемдегі барлық жанкүйеріме ерекше алғыс айтамын", - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Барлығыңа сәлем! Біз Вьетнамнан келдік. Сен де бір күні концертіңді Вьетнамда өткізесің деген үміттеміз. Рақмет. Біз сені қатты жақсы көреміз", - деді жанкүйерлерінің бірі.

Кейін вьетнамдық Dears-тің бірі Димаштың арқасында қазақ тілін үйренгенін және басқа да вьетнамдықтарға үйретіп жүргенін айтты. 

"Сәлеметсіз бе! Біз Вьетнамнан арнайы келдік. Мен Димаштың арқасында қазақ тілін оқығым келді. Вьетнамдықтар қазақ тілін білмегендіктен, маған қазақ тілін оқу қиынға соқты. Қазір мен басқа вьетнамдықтарға қазақ тілін үйретіп жүрмін", - деді ол. 

Желі қолданушылары қазақша сөйлеген жанкүйерге сүйсініп, түрлі пікір қалдырған. Тіпті пікірге өзге де жанкүйерлер қазақ тілін үйренгісі келетінін жазған.

"Тек сенің арқаңда мен қазақ және орыс тілдерін оқып жатырмын", "Үлгі боларлықтай екен", "Димаш, сен қазақша сөйлеген сайын бәрі үйренгісі келеді. Сенің арқаң", "Мен де қазақ тілін үйренгім келеді. Мен де бәрін түсінгім келеді", - деп жазған Желі қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек