Танымал әнші бір кештен түскен ақшаға пәтер сатып алған

Танымал әнші бір кештен түскен ақшаға пәтер сатып алған
Фото: amre_official Instagram-парақшасынан

Әміре лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев Астанадан қалай пәтер алғаны туралы "Түнгі студия" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"30 желтоқсанда "Голос" байқауының гранд-финалы болды. Қазақстандағы барлық шығатын концертіме бармадым. Бірақ бәрібір көкейімде өкініш болды, ақша жібермейді ғой. 30-ы жұмыс істедім. 31-і жаңа жыл. Жоба бітті. 3-орын алдым. 30 немесе 29-ы маған бір кісілер қоңырау шалып, "31-і жаңажылдық кеш" деді. Мен 31-і жаңа жылда үйдегілермен отырамын деп ойладым. "Жақсы" дедім. Маған үлкен жоба түсті. "Голос" байқауының арқасында. 31-і Мәскеуден чартерлік рейспен алып кетті. Бір қалаға, атын айтпай-ақ қояйын. Он күндік жіберген кешімді бір күнде алдым. Сол ақшама Астанадан пәтер алдым", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова