Үсік, аяз: Бүгінгі ауа райы

Үсік, аяз: Бүгінгі ауа райы

Қазгидромет 4 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің төрт облысында аяз күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік, шығыс, орталық бөлігінде түнде 3 градус аяз күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында 2 градус аяз болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова