Көкшетауда көшеге шығып төбелескен жігіттер видеоға түсіп қалды

Көкшетауда көшеге шығып төбелескен жігіттер видеоға түсіп қалды

Көкшетауда екі жігіттің төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, 2 қазанға қараған түні жедел басқару орталығының қызметкері Абай мен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында жанжалдасқан жігіттерді байқап қалды.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жанжалдасқан жастарды ажыратып, медициналық куәландырудан өткеннен кейін оларды әрі қарай қарау үшін полиция басқармасына жеткізді.

26 және 22 жастағы қала тұрғындары сөзге келіспей қалған, біреуі тіпті екіншісіне дене жарақатын салған.

Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша іс қозғалып, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина