Кабулдағы жарылыстан қаза тапқандар саны 43-ке жетті

Кабулда білім орталығында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 43-ке жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының (UNAMA) Twitter-дегі хабарламасында айтылған.

Қаза тапқандардың арасында негізінен, -  жастар, олардың саны әлі де артуы мүмкін. Қазір зардап шеккендердің саны 83-ке жетті.

"Ауғанстан астанасының Хазара ауданында жұма күні колледжде болған жарылыстан қаза тапқандар саны артып жатыр. 43 адам қаза тапты, 83 адам жарақат алды. Негізгі құрбандар - қыздар мен әйелдер. Кабулдағы UNAMA адам құқықтары жөніндегі топтармен тексеру процесі жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!