Павлодарда қыз лас көйлек үшін полиция шақырған

Павлодарда қыз лас көйлек үшін полиция шақырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қазанда Павлодар полициясына жергілікті тұрғын қоңырау шалып, тәртіп сақшыларын шұғыл түрде жіберуді өтінген. Ол іс өте маңызды екенін әрі бір минут күте алмайтынын жеткізген.

Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға барған. Бұл сауда орталығында орналасқан дүкен болып шыққан. Оларды күтіп алған қыз өз-өзін ұстай алмай, сатушыға шағымданған. Ол осы дүкеннен көйлек сатып алған, кейін оны мейрамханаға киген. Осылайша, жаңа киіміне тамақ пен сусын тамшыларын төгіп алып, дүкенге қайта алып келген. Қыз сатушыға көйлектің сапасы нашар екенін жеткізіп, одан ақшаны дереу қайтаруды талап еткен.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын тыңдап, тараптарға бұл жағдай Ішкі істер органдарының құзыретіне кірмейтінін түсіндірген. Ал өтініш берушіге осы мәселелермен айналысатын органға жүгінуге кеңес берген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!