Алматыда алаяқтар 40 жастағы ер адамды ұрлап, 200 мың доллар талап еткен

Алматы полициясы адам ұрлығының бетін ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

40 жастағы алматылық қылмыскерлердің құрбаны болған. Оны Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй аумағынан ұрлап кеткен.

"Ұрланған азаматтың әйелі полицияға арызбен жүгінген. Дереу арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, алғашқы іс-шаралар кешені жүргізілді, бұл ұрлаушылардың жеке басын және олардың жәбірленушіні қай жерде ұстап отырғанын жылдам анықтауға мүмкіндік берді. Ер адамды босату бойынша арнайы іс-шара қаланың Түрксіб ауданындағы қоймалар аумағында жүргізілді. Төрт адам ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған. Ұрланған ер адам аман-есен босатылды. Оны қатты соққыға жыққан, оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен, әйтпесе героины бар иньекция егеміз деп қорқытқан", - дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Қылмыстың нақты себебі ҚР Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігімен тіркелді.

Соталды тергеу барысында істің мән-жайы белгілі болады. Күдіктілер қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!