"Баскетбол ойнағандай". Алматы әуежайы жүк тиеушілер түсірілген видеоға түсініктеме берді

"Баскетбол ойнағандай". Алматы әуежайы жүк тиеушілер түсірілген видеоға түсініктеме берді
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайы жүк тиеушілерінің жүкті лақтырып жібергені түсірілген видео пайда болды. Әуежай өкілдері олардың жұмысына түсініктеме берілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Әлеуметтік желі пайдаланушысы Тимур Артюхин Алматы әуежайында жүк тиеушілердің багажды "баскетбол ойнағандай" лақтырған видеосын жариялады. Әлеуметтік желі пайдаланушылары видеоны жарыса талқылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тимур Артюхин (@timur_artyukhin)

Алматы әуежайының баспасөз қызметі өкілдері ұшатын рейстердің бірінде жүкті (жолаушылар багажын емес) тиеу рәсімдері бұзылғанын растады. Жүкті абайсыз тиеген қызметкерлер тәртіптік ескертулер алды.

"Мұндай қатені болдырмау үшін әуежайдағы барлық жүк тиеу персоналы нұсқаулықпен танысады, сонымен қатар, олар жүктерді дұрыс сұрыптауға қатысты үлестірме материалдар алды. Жүктеу рәсімдерінің дұрыстығын бақылау үшін қосымша тексерулер жүргізіліп жатыр", - деді әуежай өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек