Парижде жүрген Ерке Есмахан сүйінші сұрады

Парижде жүрген Ерке Есмахан сүйінші сұрады
Фото: Instagram-парақшасынан

Танымал әнші Ерке Есмахан Желідегі парақшасында Парижге қалай барғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, Париж бала күннен бергі арманы болған.

"Париж қаласын көру менің бала күнгі арманым. Есейе келе қанша жол түссе де, бармай қалатынмын. Неге екенін артынан айтып түсіндірермін. Міне, осы күзде арманымды Алла мен ойлағаннан да керемет етіп бұйыртты. Париж - махаббаттың қаласы", - деп жазды әнші Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Ол Парижге қалай келгенін де әңгімелеп берген. Әншінің сөзінше, бәрін өзі алып қойғанда, министрліктен ұсыныс түскен.

"Парижге қыдыруға барамын деп, визаны, билетті алып дайындалып жүргенімде тағы бір жаңалық мені қуантты. Алла тұспа-тұс етіп сәтін салып, бұйыртып тұр екен. Министрліктен хабарласып, сізді Парижде болатын концертке қатысуға шақырамыз дегенде шошып кеттім, қалай деп. Дәл сол күндері мен Парижде боламын, қатысамын деп қуана келістім. Сүйінші! Париждің төрінде Роза апамның әнін шырқаймын", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова