II Елизаветаның табытын күзеткен сарбаз екі аптадан кейін өлі табылды

Лондонда II Елизаветаның табытын күзеткен сарбаз өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Mirror басылымына сілтеме жасап. 

Сарбаздың туыстарының сөзінше, 18 жастағы Джек Бернелл-Уильямс 19 қыркүйекте қаралы күні табытты күзеткен, ал екі аптадан кейін өлі табылған. Сарбаздың денесі Гайд-парк казармасында табылды.  

Полиция қызметкерлері сарбаздың өлімі күтпеген жағдай болғанын айтып отыр. Басылым мәліетінше, Джектың отбасы "ол ханшайымның ақтық сапарында табытын күзеткенін мақтан тұтқанын" жазады.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!