Түркияда қазақстандық турист суға батып, қаза тапты

Түркияда қазақстандық турист суға батып, қаза тапты
Фото: pavlodarnews.kz

Түркияда қазақстандық турист суға батып кетті, - деп хабарлайды Haberler.

Басылым мәліметінше, Анталияда 25 жастағы Қазақстан азаматы суға батып кеткен. Оқиға сағат 13.30 шамасында Коньяалти жағажайында болған.

"Үлкен әпкесі қонақүйде болған кезде жігіт суға арналған арнайы бетперде киіп, теңізде шомылып жүрген. Әпкесі жігітті іздеп таба алмаған соң, сағат 16.30-да 112-ге жүгінді. Жағажайға теңіз полициясы, жағалау күзеті, жандармерия, дәрігерлер бригадасы жөнелтілген. 
3 сағатқа созылған іздеуден кейін қазақстандық турист теңіз түбінен 5 метр тереңдікте жансыз күйде табылды. Сүңгуірлер мәйітті теңізден жағаға шығарды", - деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Тергеу тобының жұмысынан кейін мәйіт сараптама жасау үшін Анталия сот-медициналық сараптама институтының мәйітханасына жеткізілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек