Шәкірттері Дулыға Ақмолдаға қорқынышты пранк ұйымдастырды

Шәкірттері Дулыға Ақмолдаға қорқынышты пранк ұйымдастырды

Актер Дулыға Ақмолданың шәкірттері ұстаздар күнімен пранк жасап, ерекше құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құттықтау видео Tiktok-та жарияланды. Онда актердің бір шәкірті талып қалады, Дулыға Ақмолда студенттінің қасына жеткенде шәкірттері әндетіп, құттықтай бастайды. 

"Құттықтағандарыңызға көп рақмет. Медпункт аузыма түспей қалды, - дейді актер видеода. 

@itsnako_

Дулыга агай(кураторга) пранк/день учителей/???

♬ оригинальный звук - tn

Желі қолданушылары пранкқа алданып қалғанын ұстазды құттықтап пікір қалдырған. Ал кейбірі актердің ұстаз екенін енді білген.  

"Керемет құттықтау", "Демек жақсы ұстаз", "Еңбегінің жемісі деген осы", "Ұстаздары жақсы адам екен", "Өзі қорқып кетті ғой", "Дулыға Ақмолда куратор ма?" "Актерлер актерді алдап жатыр", - деп жазған Желі қолданушылар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек