"Қазақи стиль". Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

"Қазақи стиль". Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Фото: ©reviewjournal.com

WBO нұсқасы бойынша Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) титулын қорғау алдында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Бұған дейін Әлімханұлының Қазақстанда бокспен айналысуды жоспарлап отырғаны белгілі болды, ал қазір 29 жастағы боксшы жаттығып жүр.

"Көп еңбектенгенде денем демалады! Бұл - QAZAQ STYLE (Қазақи стиль)", - деп жазды қазақстандық.

Айта кетейік, Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін биыл мамырда өткізіп, ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды жеңген болатын. Ал кейін америкалық Деметриус Андраде орта салмақтағы WBO титулынан бас тартып, белбеу Әлімханұлына өткен еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек