- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Путин Украина территориялары...
Путин Украина территориялары Ресей құрамына қосылғанын мәлімдеді
Фото:
© РИА Новости
Кремль Донецк және Луганск халық республикаларын, сондай-ақ, Запорожье және Херсон облыстарын Ресейге қосу туралы келісімдерге қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Келісімдерге қол қою рәсімі президент Владимир Путиннің қатысуымен Кремльдің Георгиевский залында өтті. Оған парламент өкілдері қатысып отыр.
Салтанатты жиынға төрт аймақтың да басшылары қатысып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Запорож және Херсон облыстарының тәуелсіздігін мойындайтын жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты Украина президенті Владимир Зеленский ресейліктерге үндеу жасаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек