Путин екі облыстың тәуелсіздігін жариялады: Зеленскийдің жауабы қандай болды?

Путин екі облыстың тәуелсіздігін жариялады: Зеленскийдің жауабы қандай болды?
Фото: Видео кадры

Кеше, 29 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Запорож және Херсон облыстарының тәуелсіздігін мойындайтын жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты Украина президенті Владимир Зеленский ресейліктерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін РФ құрамы жаңа территорияларды қабылдау бойынша рәсім өткізеді деп жоспарланып отыр. 

Зеленскийдің сөзінше, РФ қалыпты мемлекеттік институттарға әсер етіп отыр. Ал азаптау Украинаның "бақылауындағы" аймақтардағыдай Ресейдің бүкіл аумағында болады. 

"Ресейлік полиция мен арнайы қызмет енді осылай ғана жұмыс істейді", - дейді Зеленский. 

Украина басшысының сөзінше, жағдайдың осылай болғанын "тек бір адам" қалап отыр. "Сол адам" ресейліктерді қалыпты экономикадан, қалыпты өмір сүру деңгейінен айырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина