Ауғанстанда мектепте жарылыс болып, 20-ға жуық адам қаза тапты

Ауғанстанда мектепте жарылыс болып, 20-ға жуық адам қаза тапты
Фото: twitter.com/RajKumariPraja7

Кабулда білім беру орталығындағы жарылыс салдарынан шамамен 20-ға жуық адам қаза тапты, - деп хабарлайды Daily Mail.

Кабул полициясының өкілі Халид Задранның айтуынша, ресми дерек бойынша, 19 адам қаза тапқан, 27 адам жараланған. Ол шабуыл емтихан болып жатқан жеке орталықта болғанын айтты. Ауғанстанда әдетте жұма күндері мектептер жабық болады.

"Азаматтық нысандарға шабуыл жасау жаудың адамгершілікке сай келмейтін қатыгездігін дәлелдейді", - деді ол.

"Талибан" қозғалысының өкілдері 33 адам қайтыс болғанын және құрбан болғандар арасында студенттер болғанын хабарлады. Лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті әлі бірде-бір ұйым өз мойнына алмаған.

Галим Садик есімді жергілікті тұрғын қатты дыбысты естігенде үйде болғанын, сыртқа шығып, орталықтан түтін шыққанын көргенін айтты.

"Достарым екеуміз жарылыс орнынан шамамен 15 жараланған және 9 қаза болған адамды алып шықтық, басқалары сынып ішіндегі орындықтар мен үстелдердің астында жатты", - деді ол.

Ауғанстан астанасында бейбіт тұрғындарға лаңкестік шабуылдар мен адам көп жиналатын жерлерде жарылыстар үнемі болып тұрады. Сәуірдің соңында Кабулдың батыс аудандарының біріндегі мектептерде кем дегенде үш жарылыс болған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова