"Кеңес кезіндегі пәтер деп кім айтады?" Желіде жаңа тренд пайда болды

"Кеңес кезіндегі пәтер деп кім айтады?" Желіде жаңа тренд пайда болды
Фото: tsunami_ka_art Instagram-парақшасынан

Желіде ескі пәтерді үй иелері артық шығынсыз өз қолдарымен жөндейтін жаңа тренд пайда болған. TikTok пен Instagram әлеуметтік желісінде тараған видеолардан бұл идеяны көбіне жаңа шаңырақ көтерген жұптар жасайтыны байқалады. Сондай-ақ, ескі шкафтарды жаңа әрі сәнді көрінетін ақ түске бояу да сәнге айналған. Massaget.kz тілшісі Желіде тараған осындай видеоларға шолу жасады.

"Кеңес кезіндегі пәтер деп кім айтады?"

Instagram-да Айнаш Қасенова есімді қолданушының контенті көптің көңілінен шыққан. Ол парақшасына жүктеген видеолардың бірінде кеңес кезіндегі пәтерге жарымен бірге жөндеу жасағандарын көрсетеді. Видео 60 мыңнан аса қаралым жинаған.

tsunami_ka_art Instagram-парақшасынан

Ол пәтерді 2020 жылы алғандарын айтады.

"2020 жылы қазанда осы пәтерге көштік. Бірден жөндеу жасаймыз деп шештік. Бірақ түбегейлі болады деп күтпедік. Түсқағаздарды алып тастадық. Бірінші рет жөндеу жасадық. Бәрін жөндеу барысында үйрендік, артық шығынсыз жасадық. Арманымыздағы жұмыс орнын жасадық. Пәтер жарық болып шықты..." - деп жазған ол видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ainash Kassenova? (@tsunami_ka_art)

Желі қолданушылары бұл еңбекке таңданысын жасырмаған.

"Қатты ұнады, мен де сіздердікіндей жөндеу жасағым келеді", "Керемет, бәрі ұнап тұр. Қарайым, сәнді. Сондай керемет жұп, сіздерге қарау бір ғанибет", "Мен де жөндеу жасағым келіп кетті ғой", "Кеңес кезіндегі пәтер деп кім айтады?" - деп жазған пікір білдірушілер.

700 мыңның пәтеріне жөндеу

TikTok-та тараған тағы бір видеода Балқаштан сатып алынған пәтерге жасалған жөндеу жұмысы көрсетіледі. Видео авторы пәтерді 700 мың теңгеге сатып алғандарын айтады.

TikTok-та пікір білдіргендер бұл жұмысқа да таңғалған. Өйткені пәтер алғашқы қалпынан айтарлықтай өзгерген.

"Керемет", "Тамаша", "Жарайсыңдар", "Қанша кетті?" - деп жазған Желідегілер.

Алайда видео авторы жөндеуге қанша уақыт кеткенін және қанша ақша жұмсағандарын есептемеген.

@modindautova97 Весь процесс можете посмотреть в профиле ?#однушказа700000тг #ремонтдоипосле ♬ Gustavo Santaolalla-Babel - 陈秋秋

Бір түн ішінде жасалған жөндеу жұмысы

Желіде тараған осындай видеолардың бірінде ас бөлмеге жасалған жөндеу жұмысы көрінеді. 

 Видео авторының сөзінше, жөндеу жұмысын бір түнде бітірген.

@amanzhol94b

Бір түннің ішінде бітірдім ?түнгі 1 ден бастағанннан таңғы 9 ға дейім ас үй бөлмесімен алыстым ?

♬ оригинальный звук - Amanzhol94b

Әлеуметтік желі қолданушылары әйел адам бола тұра осындай жөндеу жұмысын бір күнде өзі жасап шыққанына таңғалып, жағымды пікірлер жазған.

"Керемет", "Алтын келін екенің көрініп тұр", "Күшті, денсаулық берсін саған, пысық екенсің", "Не деген пысықсың, өзің түсқағаз жапсырып шықтың", - деп жазған пікір білдіргендер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова