Тоқаев сайлау кезінде ел ішіне іріткі салуды көздейтіндер туралы айтты

Тоқаев сайлау кезінде ел ішіне іріткі салуды көздейтіндер туралы айтты
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау кезіндегі кедергі жасайтындар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тоқаев елімізде үлкен саяси науқан басталғанын атап өтті.

"Әрине, сайлау болғаннан кейін түрлі пікірталастар болады. Сонымен қатар, ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Біз осыған сақ болуымыз қажет.

Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді. Бұл жайдан жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз", - деді Президент. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина